САНДЫҚ ЖҮЙЕ – CАПАЛЫ ЖҰМЫСТЫҢ КЕПІЛІНЕ АЙНАЛАДЫ
Биыл Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте мектеп оқушыларының лагерьлерде ақысыз демалуы үшін құжаттарды қабылдау жұмыстары автоматтандырылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім саласында цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорылықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстарды автоматтандырылған тәртіппен жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізілді. Олар, балаларды балабақшаға орналастырудың ақпараттық жүйесі – «garden.shymkent.edu.kz», балаларды 1-сыныпқа қабылдаудың ақпараттық жүйесі – «school.shymkent.edu.kz», педагогтарды іріктеудің ақпараттық жүйесі – «Thunter.kz» және мектепішілік бақылаудың ақпараттық жүйесі – «I-mektep.kz жүйесі болып табылады.
Сала мамандары бұл жұмыстар Шымкент қаласының білім саласында цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Бұдан бөлек оның білім саласындағы жемқорлыққа баратын тәуекелді төмендету, ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, қызметтердің халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну, көптеген комиссиялар мен қағазбастылықтың алдын алу, адами факторларды мүмкіндігінше азайту сынды тиімділіктері бар.
С. НҰРАЙ.