ҚҰРЫЛҒЫ ХИРУРГТЫҢ КӨМЕКШІСІНЕ АЙНАЛАДЫ
Келешекте виртуалды шынайылық технологиясының арқасында хирург дәрігерлердің күрделі операцияларды жасауы айтарлықтай жеңілдей түсуі мүмкін. Оған ғалымдардың ойлап тапқан арнайы көзілдірігі сеп болмақ. Өз кезегінде заманауи көзілдірік тағу арқылы ота жасау кезінде дәрігер өзін науқас ағзасында жүргендей сезінетін болады.
Бұл жаңалықты зерттеуші Вайн Монский:
– Виртуалды шынайылық құралдарын пайдалану арқылы біз емдеудің бұрын мүмкін болмаған жолдарын қарастырамыз. Адам анатомиясын бұрынғыдан жақсырақ бақылаймыз. Катетерді оңай жылжытып, рентген сәулелерінсіз немесе сәулені аз пайдалану арқылы науқасты емдей аламыз. Адам денесін анық көре алсақ керемет болады деп ойлаушы едім. Бұл технология соған мүмкіндік береді. Сіз адамның ішінде жүресіз де операция жасап жатқанда адамның ағзасында не болып жатқанын анық көріп тұрғандай күй кешесіз, — деп, жаңалықты зор қуанышпен қабылдауда.
С. НҰРАЙ.