ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ХХІ ғасырдың басты капиталы – білім алу екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт» — деген болатын.
Осы мақсатта «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2018 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында, бүгін қалалық мәдениет үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Аталған кеңеске қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, облыстық әдістемелік орталығының бөлім басшысы Г.Бекболаева, ауылдық округ әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, мекеме және бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, ардагер ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында 2018-2019 оқу жылындағы өзекті мәселелері мен алдағы жаңа оқу жылының басты міндеттері туралы қойылған міндеттер мен мақсаттар бойынша қалалық білім бөлімінің бас маманы Ә.Момбеков баяндама жасады. Сонымен қатар жиында білім саласына еңбек сіңірген ұстаздар және бірқатар азаматтар жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңы мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі