ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ – АТТЕСТАТТАУҒА СЕНІМДІ ҚАДАМ

Шымкент қаласында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі: санатқа ұсынылатын талаптар және тәжірибе» тақырыбында әдіскерлерге арналған ақпараттық семинар өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, аттестаттаудан өту талаптарын нақты түсіндіру және құжаттарды рәсімдеу ережелерін жүйелі түрде түсіндіру болды.
Бүгінгі таңда педагогтің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттырудың басты кепілі. Сондықтан мұндай семинарлардың өткізілуі ұстаздардың кәсіби өсуіне және аттестаттау жүйесіндегі жаңалықтарды дұрыс түсініп, тиімді қолдануына үлкен мүмкіндік береді. Семинар бағдарламасы аясында қатысушыларға аттестаттаудан өту талаптары мен тәртібі туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу жүйесі мен мазмұны, тәжірибелі педагогтердің озық тәжірибелерін қолдану жолдары және әдістемелік қолдау көрсету мәселелері қарастырылды. Ұйымдастырушылар нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, педагогтердің жиі қоятын сұрақтарына жауап берді. Семинар интерактивті форматта өтті. Яғни қатысушылар пікір алмасып, өз тәжірибелерін ортаға салды, кәсіби қиындықтар мен олардың шешу жолдарын талқылады. Мұндай өзара байланыс ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттырумен қатар, білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қорытындысында ұйымдастырушылар мұндай семинарлардың педагогтерге практикалық көмек көрсетіп қана қоймай, кәсіби даму мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жалпы «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы ақпараттық семинар ұстаздар қауымының білім мен тәжірибесін жетілдіруге, сондай-ақ аттестаттауға дайындық үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған өзекті алаң болды. Бұл бастама педагогтердің кәсіби беделін арттырып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.




