ЕЛІМІЗДЕГІ ЕСКІ ВАГОНДАР ҚАШАН ЖАҢАРАДЫ?
Елімізде темір жол саласына қатысты сын көп. Әсіресе, әлеумет вагондардың ескілігін жиі айтып, жазда салқындатқыш жүйелердің істемейтінін сынға алып жатады. Енді жауапты министрлік алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алынатынын алға тартып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Нақтырағы, тілшілер министрден еліміздегі жолашылар вагондарын жаңартуға қатысты сұрақ қойды. Бұған ведомство басшысы нақты жауап та берді. Айтуынша, Қазақстанда 2 667 вагон паркі бар. Кейінгі бірнеше жылда 600 вагон қолданыстан шығарылды, 300 вагон алынды. Осыған байланысты, вагондар жетіспей жатыр. Осы 2 667 вагон паркінің 74 пайызы, яғни 1 857 вагонында кондиционер бар. Өкінішке қарай, 26 пайызында жабдықталмаған. Осы орайда министрлік былтырдан бастап вагон сатып алу көлемін ұлғайтқан. Қазақстан өткен жылдары 50-100 вагон сатып алса, былтыр 118 жаңа вагон сатып алды. Биыл қосымша 140 вагон пайдалануға беріледі, келер жылы 224 вагон сатып алынады. Ал 2025 жылдан бастап жыл сайын жалпы 200-ден аса сатып вагон паркі алынады. Осылайша, алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон елімізге келеді. Бұл ескі вагондарды алмастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде министрлік пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық оператор тарапынан осындай жұмыстар істеліп жатыр.
Оның айтуынша, санитарлық талаптар вагон паркі тұрақты түрде тексеріліп жатыр. Тек биыл 62 маршрут мемлекет тарапынан субсидияланса, оның ішінде 20 маршрутқа инспекция тексеріс жасаған.