ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің дінтанушы-теолог маманы Б.Абдрахман қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар» тақырыбында ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Экстремизмнің алдын алу үшін халықтың арасында діни сауаттылықты арттыру — ең маңызды міндеттердің бірі. Елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Осы орайда, жиын барысында облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес тіркелген құқықбұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндалды. Мемлекеттік қызметкерлерге діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатыны ескертілді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жат ағым мен теріс пиғылды топтармен күрес жұмыстары елімізде қарқынды түрде жүзеге асып келе жатыр. Жыл басынан бері Түркістан облысына қарасты аудандар мен қалаларда біз сөз еткен тақырып аясында көптеген кездесулер мен жиындар өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да белсенді түрде жалғаса бермек.