«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН ӘРБІР ОТАНДАСЫМЫЗ АДАЛ АЗАМАТ БОЛУҒА ҰМТЫЛУЫ ҚАЖЕТ»

Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» сияқты ұғымдардың біздің қоғамымызда басымдық танытуы тиіс екенін айта келіп, жастар арасындағы креативтілік, мобилділік, ашық сұхбатқа дайындық сияқты қасиеттердің кеңінен таралуына назар аударды. Қазіргі кезеңде әлде де шешімін таппай келе жатқан проблемалардың қатарына кәсіби білімнің өндіріске пайдасын тигізе алмай келе жатқанын жатқызуға болады.

Жоғары оқу орындары мен өндіріс орындары арасында өзара серіктестікке негізделген шынайы, адал және әділ қатынастар орнамаса, қоғамдағы, экономикадағы пәрменді дамуға, жаңғыру мен жаңаруларға қол жеткізе алмаймыз. Осы сипаттағы сапалық және сандық көрсеткіш оқу орнының маңыздылығы мен қаржыландыруын анықтауы тиіс. Әртүрлі деңгейдегі басшы мамандардың жеке жауапкершіліктерін арттырмай, айтылған сөз айтылған жерінде қалуы да мүмкін.
Жалпы Президент Жолдауының басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған. Әр жылғы жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін маңызы зор. Онда еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Осыған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар экономикамыздың дамуына оң ықпалын тигізген болатын. Ендігі кезекте Президентіміздің «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет» деп айтып өткендей өз тарапымыздан жұмыла іске кірісетінімізді айтқым келеді.
Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Сонымен қатар Жолдауда жұртшылықты алаңдатып отырған басқа да өзекті мәселелер толыққанды қамтылды. Сондықтан партиямыз үшін Жолдау стратегиялық маңызды құжат есептеледі. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. «AMANAT» партиясы осы мақсатты жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс деп санаймын. Осы мәселелердің барлығы да жұртшылық тарапынан бірнеше рет көтерілді. Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Енді «AMANAT» осы жобаны Үкіметпен бірге бүкіл ел аумағында кеңейтіп, сапалы іске асырумен айналысады.
Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын қолдағанын ерекше атап өтті. Енді «AMANAT» осы жобаны Үкіметпен бірге бүкіл ел аумағында кеңейтіп, сапалы іске асырумен айналысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауы еліміздің әрі қарай қарқынды дамуында маңыздылығы жоғары деп айтуға негіз бар. Өйткені сан алуан саланы қамтып, нақты жоспары бар кезекті Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне басымдық берілген.
Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиістігін атап өткен Президент, ең алдымен экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету үшін өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажеттігін алға тартты. Сонымен бірге ауыл-аймақты дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екенін, су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екендігін айтқан Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатындығын айтты. Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.

Мұратәлі Оразәліұлы ҚАЛМҰРАТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының
депутаты.