ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ
Елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келген, бөліне бермек те. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді даммыту жұмыстары жоғары қарқынмен жүзеге асып келеді. Оның негізінде шаруалар мен диқандарға қолдау артуда. Бұл тақырып турасында сөз қозғағанда, Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарды айналып өтуге болмайды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр. 2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындарын ішінара субсидиялау қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділерінің қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды.
Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, өнеркәсіптік жылыжайлармен қатар, фермерлік жылыжайлар да субсидияланады. Бұл бағытта фермерлік жылыжайларды мемлекеттік стандарттаудан өткізу мақсатында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдері және облысы әкімдігінен жұмыс тобы құрылып, жылыжай шаруашылықтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Айта кетейік, жалпы Түркістан облысында 1517 гектарды құрайтын 3366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары 26 бірлік өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар және 1 429,8 гектары 3503 бірлік фермерлік жылыжайлар.