БІЛІМ САЛАСЫНА КӨРСЕТІЛЕР ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ
Елімізде білім саласының дамуы үшін бірқатар игі бастамалар көтеріліп жатыр. Өз кезегінде салада серпіліс пайда болып, оқушылардың халықаралық деңгейде жеткен жетістіктері көбеюде. Білім саласына көрсетілер қолдау әрі қарай да жалғасын таба бермек. Тарқатайық…
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған. Нақтырағы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерде» делінген құжатта. Қауылы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, педагогтердің жалақысын көтеру — аталған саланы таңдайтын жастар қатырының көбеюіне және мұғалімінің беделін арттыруға ықпал етпек.
«Жобаның мақсаты — педагогтің өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделі. Нәтижесінде педагог мамандығы педагогикалық қызметтер нарығында сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналады» деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына. Құжат 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.