ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫЛҒАН МИЛЛИАРДТАР ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛУДА

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден Қазақстанға 600 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылғанын айтты.

Нақтырағы Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойған болатын. Сұраққа «Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 млрд теңге қатарылды» деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.
Қалың оқырманның жадында болса, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Яғни шетел асқан қаржы ел президентінің тікелей тапсырмасымен қайтарылуда.