КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысы Шәкір Сұлтанханның Еңбекші ауданы әкімдігінде ұжыммен кездесуі және жеке қабылдауы өтті. Кездесуге Департамент басшысынан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Нұрғазы Бұхарбай, Әдеп жөніндегі уәкіл Мұраджан Акишев және аудан әкімдігінің қызметшілері қатысты.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасы талаптарын қатаң сақталуы, мемлекеттік органның тәртіптік комиссия қызметі, мемлекеттік қызметшілерге заңнамамен берілген әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы және әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметте болудың шектеулерін сақтау мәселелеріне арналды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қоғам тарапынан сынға ұшырауына жол бермеуге, азаматтармен кері байланысты тығыз орнатуды, негізсіз үстеме жұмыстарын болдырмау қажеттігін жеткізді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Нұрғазы Бұхарбай алқалы органмен қаралған тәртіптік істер бойынша тәжірибедегі бұзушылықтар туралы баяндады және мемлекеттік қызметшілерді адал қызмет атқаруға шақырды. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан туындаған басқада сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.
Кездесу соңында Департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан және Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Нұрғазы Бұхарбай әкімдік қызметкерлерін жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.