LG КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСЕЙДЕГІ ЗАУЫТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІРІЛУІ МҮМКІН

Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника өндіруші LG компаниясы Ресейдегі санкциялар мен соғыс жағдайына байланысты өндірісін өзге елге көшіруді жоспарлап отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, таңдау Қазақстан мен Өзбекстан арасында болады.

Бұл туралы «Коммерсант» басылымы жазды. Компания зауыты бұған дейін Қазақстанда болған. Десе де 1998 жылдан бері жұмыс істемейді. Деректерге сүйенсек, қазіргі таңда Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.
Өндірістің Өзбекстанға көшуі арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек десе, Қазақстанда төлем жасауға қабілетті тұтынушылардың көп болуы қызықтырып отыр. Бір деректерде компания қызметкерлері Ташкентке қоныс аударған делінсе, енді бір ақпараттар, таңдау Қазақстанға түсіп, өндірушісі компания Алматыда жаңа зауыт ашу жөнінде Цифрлық даму министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлайды. Айта кету керек, аталған зауытта тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар мен теледидарлар шығарылады.
«Уақыт».