ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?
Шымкент қаласына қарасты шағынаудандар мен елді мекендердің мәселесі толықтай шешілген жоқ. Дегенмен өңір-өңірде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Жалпы үшінші мегаполистегі толғақты мәселелері толық шешілмеген аймақтың бірі – Қайнарбұлақ тұрғын алабы. Десе де мұнда қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
лға өтпелі. Ал сапаға келсек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған шағынауданға барып, жалпы жұмыстар барысын бақылады. 61 мыңға жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен. Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде. Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шақырым болатын газ жүйелері тартылуда. Саяжай алабындағы газ жүйелерінің ұзындығы — 206,7 шақырым. Екі сектордағы құрылыс жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар электр жүйесімен қамту бойынша жұмыстар 2023 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шақырымды құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалған.
2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылды. Ал 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады. Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелеріне мұқият болуды тапсырды.