ШАҺАР БАСШЫСЫ КОНГРЕС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының көркі күн санап артып келеді. Қала үлкен құрылыс алаңына айналған. Көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бұдан бөлек, күні бүгінге дейін бірқатар мәдениет нысандары да бой көтерді. Енді олардың қатары халықаралық стандартқа сай конгресс-холмен толыға түспек.

Бүгінде «Шымкент Сити» аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Былтыр қазығы қағылған ғимарат заман талабына сай сапалы салынып жатыр. Жер көлемі 5,240 га болса, құрылыс ауданы 16 166,65 м2 аумақты қамтиды. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті.
Конгресс-холл болашақта жергілікті және республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ. Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс-кабинет, асхана және көлікке жерасты тұрағы қарастырылған.
Жалпы үшінші мегаполисте мәдениет саласына айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінде қалада республикалық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мұның өзі өңірдегі мәдениет саласының дамуына айрықша серпін беруде.