Мақтаның жаңа тұқымы таныстырылды
Жетісай ауданының диқандары ашық аспан астында семинар өткізді. Ерекше форматта өткен жиынға Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек, ауылдық округ әкімдері, жер мамандары, ірі шаруа қожалықтар, кооператив төрағалары және мақта ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қатысты. Олар «Мақтаарал-5027» жаңа тұқымының ерекшелігімен танысты.
Мақтаның «Мақтаарал-5027» жаңа сорты зиянкестерге төзімді. Мамандардың айтуынша, 117-119 күнде пісетін дақылдың өнімділігі гектарына 42-45 центнерді құраса, талшық шығымдылығы – 38,7%. Жаңа сортты айналымға енгізу арқылы мақтаның аса қауіпті зиянкестеріне қарсы өңдеу шығыны азайып, мақта өнімділігін арттыра отырып, қосымша табысты гектарына 160 мың теңгеге жеткізуге болады.