Сауранда спорт кешені ашылды
Шынықсаң – шымыр боласың. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыты. Осы бағытта Сауран ауданында заманауи спорт кешені ашылды.
Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында ашылған көпфункционалды кешенде кіші футбол, волейбол, баскетбол, теннис, күрес, бокс ойындары үшін қажетті құрал-жабдықтың бәрі қарастырылған. Желаяқ спортын жақсы көретіндер үшін екі жолақты жүгіру жолдары орналастырылған. Нысанның жалпы аумағы 1800 шаршы метрді құрайды.
Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары да орнатылған. Ғимарат құрылтайшысы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бұған дейін Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту үшін аталған қор балаларға арналған бес әмбебап спорт алаңын орнатқан.