ОНЛАЙН ТӨЛЕМ ЖАСАУДАН МЕГАПОЛИСТЕР ОЗЫП ТҰР

Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында карта немесе смартфоннан жөнелту арқылы 64,3 трлн теңгеге төлем жасалған. Бұл еліміздегі аталған қаржылық операцияның 77,6 пайызын құрайды. Ал 18,6 трлн теңге қолма қол ақшаға айналдырылған. Бұл туралы ranking.kz сайты жазады.

Еліміз бойынша интернет сигналының көмегімен жасалған әрбір он теңгенің алтысы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілген екен. Ал облыстар интернетпен төлем жүргізуде кенжелеп қалған. Мегаполистер ішінде Алматы қаласы онлайн төлем жасаудан көш басында тұр. Бұл қалада интернет аударымдардың 43,3%-ы (27,8 трлн теңге) жүргізілген. Одан кейінгі орында 7,7 трлн теңге көрсеткішпен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ал Шымкентте интернет аударымдары 4,4 трлн теңгені құраған.