ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУДАН ӨТТІ

Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды. Он күнге жалғасқан оқу жаттығу жиынына әскери борышын өтеген, ал қазір түрлі қызметте жүрген 78 әскери міндетті азамат қатысты. Шараның мақсаты – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери бірігуі бойынша іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру бойынша лауазымды тұлғалардың білімі мен практикалық қабілетін жетілдіру.

Олар сапта жүрген сарбаз кезеңдерін қайта еске алып, шеберліктерін шыңдады. Әскери міндеттілерге тәжірибелі әскери мамандар тактикалық-саптық жаттығуларды үйретіп, қаруды қауіпсіз меңгеру бойынша сынақтан өткізді. Сарбаздар мен сардарлар арнайы киімдермен, тамақпен және жалақымен қамтылды.
Салтанатты жиында «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары полковник Нұрбек Жүнісбеков, қарулы күштер ардагерлері, Төлеби аудандық кеңесінің төрағасы подполковник Әлихан Әбдешов, Түркістан облысы әкімінің әскери қауіпсіз жөніндегі көмекшісі подполковник Ғалым Полатов қатысты. Сонымен бірге Түркістан облысы әкімі аппаратының аумақтық қорғаныс қызметінің басшысы Бабай Алдабергенов, аумақтық қорғаныс бригадасының рота командирі, аға лейтенант Паңбай Мұрат құттықтау сөз сөйлеп, әскери жиынға қатысушыларға алғыс айтты
Тактикалық оқу-жаттығу жиынында белсенділік танытқандар Алғыс хатпен марапатталды.