КЕЛЕСТЕ 2000 ОРЫНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН МЕШІТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданында 2000 орынға лайықталған мешіт ашылды.

Ғибадат үйінің құрылысын Сатыбалды әулеті жүргізген. Халық игілігіне берілген мешіттің ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садықов қатысты.
Өткен жылы құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 1 гектардан асады. Ал мешіт ғимаратының аумағы 1451 шаршы метрді құрайды.