ХАЛЫҚ САНАҒЫ 19,5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ҚАМТЫҒАН

Елімізде халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегі мен 30-қазан аралығында өткен халық санағы 19 450 179 адамды қамтыған. Ал 1-тамыздағы жағдай бойынша республикадағы халық саны 19 029 507-ні құраған. 

 

Әрбір азаматты тіркеу кезінде республиканың тұрақты тұрғындарынан бөлек,елде уақытша тұрмайтын тұрғындар (елшілер, студенттер, туристер) және шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, босқындар да санаққа қатыстырылған.
Өңірлер бойынша халық санағына қатысу көрсеткішіне сәйкес Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы алға шыққан.
Айта кетейік, халық санағының негізгі кезеңі аяқталғанмен, 8-қарашаға дейін нақтылау шаралары жүргізіледі. Дәл осы уақытқа дейін санақпен қамтылмаған азаматтар үшін онлайн санақтан өту мүмкіндігі қолжетімді болады.
Биылғы халық санағы «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтті.