ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ 52 ОРЫНДА
Кешегі аптада ХVI Жазғы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Токиода өткен спорттық шараға әлемнің 60-тан астам мемлекетінің өкілдері өзара бақ сынасты.
Олардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстан құрамасы бұл Паралимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алды. Ұлттық Паралимпиада құрама сапынан Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен бәскелесітерін шаң қаптырып, жеңімпаз атанса, пара дзюдодан Ануар Сариев, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды. Пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали қола медаль алып, үздік үштікті түйіндеді. Бұл ұлттық құрамамыздың Паралимпиада ойындарындағы ең үздік нәтижесі. Нәтижесінде Қазақстан жалпы командалық есепте 52-орынға табан тіреді.