БАЛАЛАРДЫ 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Ол үшін онлайн тәртібімен құжаттарды қалай тапсырамыз?

Биыл алдағы 2021-2022 жаңа оқу жылына 1-сыныпқа балаларды қабылдау 1-сәуір мен 1-тамыз аралығында жүргізіледі. Ата-аналар бұл мақсаттағы өтініштерін өзінің шағын ауданындағы білім беру ұйымына немесе басқа шағын ауданда орналасқан білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда электронды үкімет порталы арқылы бере алады. Өтінішпен қатар туу туралы куәлік, 3х4 фотосурет (2 дана), денсаулығы туралы анықтама (0/26, 0/63), ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық- психологиялық- медициналық кеңесі» қорытындысы қоса тіркеледі.
Айта кетейік, 1-сыныпқа балалар 6 жастан (осы жылы 6 жасқа толатын балалар) қабылданады.
Электронды үкімет порталы арқылы құжаттар 1 жұмыс күні ішінде қабылданады. Егер құжаттар толық болмаса, мектептегі балалар саны мақсатты көрсеткіштен асып түссе құжаттар қабылданбайды.
Білім беру ұйымдарына электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды ұсыну үшін ата-ана элекронды цифрлық қолтаңба алуы тиіс. Содан соң электронды үкімет порталын ашуы ( https://egov.kz.) қажет. Одан соң egov.kz порталында «БІЛІМ» бөліміне өтіп, «Орта білім» батырмасын таңдау керек. Сөйтіп, «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)» қызметін таңдап, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басады. Бұдан кейін «Жеке кабинетке» кіру үшін жеке цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, құжаттарды тізімге сәйкес жүктеу (өтініш, туу туралы куәлік, 3×4 фотосурет (2 дана), денсаулық туралы анықтамалар (0/23,0/63) керек. Құжаттарды жүктегеннен кейін электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Сізге құжаттарды қарастыруға қабылдау туралы SMS хабарлама келгеннен соң 1 жұмыс күні ішінде сіздің жеке кабинетіңізге немесе ұялы телефоныңызға оқуға қабылдау немесе дәлелді бас тарту туралы SMS хабарлама жіберіледі.