КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ТЕХНИКАЛАР ТІЗГІНДЕУГЕ ДАЙЫН
Шымкентте ауыл шаруашылық бағытындағы 62 608 гектар егістік жер бар. Биыл 29,3 мың гектар жерге егін егу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға көп. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 12,9 га алқапқа бидай, арпа, жүгері сынды дәнді дақылдар, майлы дақылдар -3,8, көкөніс пен бақша – 3, картоп — 0,7, мал азықтық дақылдар — 8,9 гектар аумаққа егілетін болады.
Нәтижесінде жиналатын өнім көлемі 71,7 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12,4 мың тоннаға артады деп күтілуде.
Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстары үшін 1 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, оператор анықталып қойған. Жанар-жағармайдың агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғандағы жеткізу құны литріне 157 теңге болып бекітілді. Ал нарықтағы бағасы 183-185 теңге. Бөлінген жанар-жағармай көлемі қаладағы ірі 60 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу жұмыстарын жүргізуге толығымен жетеді.
Мамандар көктемгі дала жұмыстары үшін тартылатын трактор, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштар, топырақ өңдейтін агрегаттар секілді техникалар жеткілікті. Бүгінде тиісті тапсырманы күтіп тұрған қырдағы техникалардың 93,2 пайызы тізгіндеуге дайын.
Сондай-ақ, қалада осы жылға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 122 млн. 146 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 5 млн. 885 мың теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң құнын субсидиялауға 600 мың теңге бөлінген.