ҮШІНШІ ТОҚСАН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛМАЙДЫ

Мектептерде үшінші тоқсан былтырғыдай мерзімінен бұрын қорытындылмайды. Осы жылдың 11-қаңтарында басталған үшінші тоқсан 20-наурызға дейін жалғасады.
Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрлігі хабарлайды. Ведомстваның вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте үшінші тоқсанда оқушыларға дәріс берудегі өзгерістерге қатысты түсініктеме берді.
Ол бұл тоқсанда екінші тоқсандағыдай жалпы білім беретін мектептерде 1-5 кезекші сыныптарда және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, оқушылар саны 300-ге дейін болатын мектептерде дәстүрлі оқыту форматы жалғасатынын айтты.
Тоқсандағы басты ерекшеліктер жалпы білім беретін мектептерде 9-11 сыныптарда, сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектептерінде 10-12 сыныптарда оқытудың штаттық форматта басталғаны болып отыр. Сонымен қатар, осы сыныптарда пәндердің 70 проценті штаттық режимде өтсе, қалған 30 проценті қашықтан оқыту форматында жүргізіледі.
Қазіргі таңда оқушылардың 58,3 проценті немесе, 2 миллион оқушы қашықтан білім алуда.

«УАКЫТ».