ШЫМКЕНТ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНА ҚАНША ТОННА АЗЫҚ ЭКСПОРТТАДЫ?

Бүгінге дейін Шымкент қаласы әлемнің 11 еліне 73,6 млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімін экспорттады. Өткен жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 65,5 млн. АҚШ долларын құраған.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайға жөнелтілген. Шетел нарығына шығарылған өнімдердің 72,3 тоннасы — ірі қара ет, 12,7 тоннасы — қой еті, 10,1 тоннасы — бал, 19,5 тоннасы — өңделген балық болып табылады. Сондай-ақ, аталған елдерге картоптың — 25,2 мың, пияздың — 45,3, қырыққабаттың — 20, көкөністің — 558, жеміс-жидектің — 406,5 тоннасы сатылды. Бұған қоса, 78,2 мың тонна — бидай, 4,5 мың тонна — арпа, 390 тонна – дәнді-дақылдар, 6,1 мың тонна -майлы дақылдар, 110,6 мың тонна — ұн, 19,2 мың тонна — өсімдік майы, 986,1 тонна — макарон өнімдері және 74,5 тонна кондитерлік өнімдер экспортталды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бірінші жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында.