Маңызды

ЖАҢА МУРАЛ ЖАҚСЫ ІСКЕ БАСТАЙДЫ

Түркістан қаласындағы «Отырар» ықшам ауданындағы көпқабаттың үйдің тұтас бір қабырғасына атақты ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің суреті салынды.

 

Көркем суреттегі жанрдың мұндай түрі мурал деп аталады. Бұл қалаларға тән заманауи өнер. Суреттің төменгі жағына ұлы ойшылдың адами құндылыққа негізделген «Әділ сөйлеп, адал жүр» деген сөзі жазылды.

Игі шара Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, бұл мурал қала тұрғындарының арасында әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне және өскелең ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ.

Ұйымдастырушылар бұл замани өнер алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда жалғасын табатынын айтты.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру