Ардагер ардақталды

Елорда күніне орай Түркістан облыстық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев осы ұйымның Түркістан қалалық кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, қарт ардагер Айтбай Сейсенбеков пен фототілші Қазыбек Умиров, ішкі істер органының ардагері, ұзақ жылдар бойы Түркістан қалалық ішкі істер бөлімінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Оңалбаеав Талғат Шайхсламұлының отбасында болды. Қызмет істеген жылдарында, атқарған қызметіне сай Талғат Оңалбаев көптеген мақтау грамоталары мен ведомоствалық және қоғамдық ұйымдардың медальдарымен марапатталған.
Мереке құрметіне орай осы күні Талғат Оңалбаевқа «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары ардагері» және «Милициядағы қызметі үшін» естелік медальдарымен марапатталды. Марапатау соңынан сөз алған ардагер ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының ұжымына өзінің және отбасы мүшелерінің атынан қызметтік табыс және өз ризашылықтарын білдірді.

А. Сабақбаев,
Ішкі істер органдарының ардагері.