ШЫМКЕНТТЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ ДҰРЫС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Шымкентте арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқару дұрыс жолға қойылған.
Үкімет отырысы кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту мәселесі қаралған жиында Премьер-Министр арнайы аймақтардың жұмысын «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың үш жылдық даму стратегиясы әзірленетінін айтты. Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлы Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында, Павлодар мен Алматы облыстарында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқару дұрыс жолға қойылғанын айта келе, «Оңтүстік» экономикалық аймағында бюджеттің 1 теңгесіне 15,5 теңге, ал Павлодарда 12,3 теңге жеке инвестиция тартылған. Бұл өте жоғары көрсеткіштер. Индустриялық аймақтар бойынша Шымкент қаласының «Оңтүстік» аймағында жалпы сомасы 38 млрд теңгені құрайтын 55 жоба, Қызылорда облысында жалпы сомасы 65 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылды» деп атап өтті.
Сонымен қатар ол, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуда Қарағанды облысының «Қарағанды» арнайы аймағы, Жамбыл облысындағы «Тараз» химия паркі секілді бірқатар аймақтардың даму әлеуеті толығымен жүзеге асырылмағанын, инвестициялардың көлемі мен жобалардың саны аздығын баса айта отырып, осы бағытта белсенді жұмыс атқару қажеттігін ескертті.