Маңызды

КӨК САНДЫҚТАҒЫ ДИПЛОМ КӘДЕГЕ АСАТЫН КҮН ТУДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Бұдан бөлек ол өзінің жыл сайынғы Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп келеді.
Осы аптада Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында «Professional» жобасы бойынша жастарды жұмысқа қабылдау шарасы өтті. Аталған шара аясында қолында дипломы бар, бірақ өзі армандаған кәсіппен жұмыс істеуге әлі қол жеткізе алмай жүрген бірталай жастар алдын ала хабарланған мамандықтар бойынша орталықтағы мамандарға тиісті құжаттарын тапсырды.
Өз кезегінде ұйымдастырушылар жұмысқа қабылдау шарасына қаржы, есеп және аудит, менеджмент, бастапқы әскери дайындық (әскери бөлімді бітірген немесе әскерде қызмет еткен кез келген жігіттер), дәрігерлер, филология, іс жүргізуші, аспаз, сантехник, тауартанушы, химик, слесарь, газ және электр қондырғысы, Freon тоңазытқыш қондырғысының инженері, КИПиА, жүргізуші, бағдарламашы (орыс тілі), мектепке дейінгі білім (орыс тілі), инженер-техник электрондық инженер, дизайнер (суретші, дизайнер), дене тәрбиесі мұғалімі, дефектолог, сөйлеу терапевті, психолог, еңбек мұғалімі, балалар неврологы, физиотерапия дәрігері, реабилитолог дәрігері, экономист сынды 14-29 жас аралығындағы мамандық иелерін шақырғанын айта кетейік.
М. ӘБДІРАЙЫМ.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру