Маңызды

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР «НҰР ОТАНҒА» ҚАБЫЛДАНДЫ

1 – желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданының белсенді жастары «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өтті. Созақ ауданы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р. Әлжанов еліміздің ең жетекші саяси ұйымына қабылданған жастарды партия қатарына қабылдап, құттықтады.

Өз кезегінде ол:
– Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан төрткүл дүниеге танылған мемлекет атанды. Бүгінде біздің алдымызға қойған ең басты мақсат – дамыыған отыз елдің қатарына қосылу болып табылады. Көптеген елдер тәуелсіз Қазақстанның келешегі кемел боларына зор сенім артады. Сол кемел келешектің иесі Сіздерсіздер. Бүгін Сіздер біздің елімізді биік белестерге жеткізген Елбасы партиясының қатарына қабылдандыңыздар. Бұл сіздерге артылған сенім ғана емес, зор жауапкершілік, — деді.
Одан соң ол бұған дейін партияның «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі ретінде өздерінің белсенділігін танытып келген Баян Нуридинова, Мейірбек Бекбергенұлы, Мұхтар Қасымхановтарға салтанатты түрде партия куәліктерін табыс етіп, жас «нұротандықтарға» партияның бағдарламалық құжаттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері туралы баяндап, олардың алдағы қоғамдық-саяси жұмыстарына табыстар тіледі.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру