ТҮРКИЯДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БАҒДАРЛАМАҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНУДА

10 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Түркия тарапынан берілетін жыл сайынғы гранттық бағдарламаға құжат тапсыруға болады. «Түркия Бурслары» гранттық бағдарламасына құжат тапсыруға байланысты ақпараттарды ресми сайттан www.turkiyeburslari.gov.tr алуға болады. Құжаттар онлайн тапсырылады.

Аталған бағдарламаға құжат тапсыру тегін және үміткерлер тарапынан тапсырылуы керек. Құжат тапсыратын үміткерлерге ақылы түрде құжат тапсырып беруді ұсынатын кісілерге немесе мекемелерге сенбеу керегі ескертіледі. Құжат тапсыратын үміткерлер құжат тапсыру барысында сұрақтары туындаған жағдайда Түрік Елшілігі білім бөліміне телефон соғу арқылы (+7 7172 704 678) немесе Нұр-Сұлтан қаласы Ташенов көшесі 3 мекенжайындағы Консулдыққа келіп ақпарат ала алады.
Сонымен қатар үміткерлер құжат тапсыруға байланысты сұрақтар бойынша Алматы қаласындағы Түрік Бас консулдығы Білім Бөліміне (+7 7272 784 165) хабарласып, ақпарат алуларына да болады.