Маңызды

«Қазақстан халқына» қоры құрылады – Көмек кімдерге көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылатынын, онда қай санатқа көмек көрсетілетінін айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қазақстан — Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Мемлекет аз нәрсе тындырып жатқан жоқ. Республикалық бюджеттің 50 проценттен астамын әлеуметтік шығындар құрайды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізде ұлттық қор бар, ол – еліміздің қаржылық тірегі. Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі», — деді Мемлекет басшысы. Мысалы осы қор қаражатынан сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі, өйткені көптеген отбасылар емдеу ақысын көтере алмайды. «Қалаларда, аудандар мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынады. Дарынды балаларға көмек көрсетеміз. Мәдениетті қолдаймыз, Алматы қаласына қатігез трагедиядан кейін оңалуына көмектесеміз. Осы қор есебінен қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеміз. Бұл жекелеген мысалдар ғана», — деді Президент.

 

 

Пікір жоқ

Пікір қалдыру