Маңызды

«ЗЕЛЕНАЯ БАЛКАДАҒЫ» ҮЙЛЕР СҮРІЛУІ ТИІС

Қазіргі таңда Шымкенттегі «Зеленая балка» шағын ауданындағы үйлердің ахуалы жайлы тұрмысқа сәйкес келмейді. Шағын аудандағы үйлерді апатты жағдайда деп айтуға болады. Біздің ойымызша ондағы үгіліп бара жатқан үйлер сүріліп, орнына жаңа тұрғын үйлер салынуы тиіс. Бірақ бұл болашақтың еншісіндегі жүмыс.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов желі арқылы жүргізілген тікелей эфир барысында тұрғындар сұрағына жауап беру кезінде осылай деді.
Тікелей эфир кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкенттегі елді мекендерді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады. Бұл туралы ол «Шымкентте 81 елді мекен бар. Оның ішінде 65 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған. Ал қалған елді мекен тұрғындары сапасыз жарық тұтынуға мәжбүр. Былтыр 13 елді мекенде атап айтқанда, «Самал-3», «Асар-2», «Тассай», «Қаратөбе», «Қарабастау», «Жыланбұзған», «Шапырашты», «Өтеміс», «Азат», «Қайтпас-1», «Ақтас-1», «Ақтас-2» тұрғын алаптары сапалы электр қуатымен қамтылған. Ал биыл сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін тағы 10 елді мекенге қаржы қаралып отыр. Олар «Ақжар», «Жалын», «Достық», «Жаңаталап», «Қайнарбұлақ», «Солтүстік саяжай», «Ынтымақ-2», «Айкөл», «Игілік», «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекендері, -деді.
Сонымен қатар қала әкімі қуаты 220 КВ «Бозарық» подстанциясының құрылысы осы жылы аяқталатынын мәлімдеді.

«Уақыт».

Пікір жоқ

Пікір қалдыру