ҚАНДАЙ БАНКНОТТАР АҚПАННАН БАСТАП АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ?

Осы жылдың 1-ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар жарамсыз болып қалады. Сол үшін де азаматтар 1-ақпанға дейін Ұлттық банктің филиалдарына барып ескі банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуына болады. Ал 1-ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары ескі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Еске сала кетсек, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік ескі банкноттарды қабылдау және айырбастау туралы Ұлттық банктің ескертуі 2016 жылдың қазанынан бастап 2020 жылдың қазанына дейін ұзартылып келген. Халықтың өтініші бойынша валюталарды жарамдысына ауыстыру мерзімі тағы да 1-ақпанға дейін ұзартылған.
Ағымдағы жылдың 21-қаңтарындағы жағдай бойынша 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды жарамдысына айырбастау жағдайының көпшілігі еліміздің үш ірі мегаполисі мен Түркістан облысында тіркелген.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі айырбастауға қабылданған барлық банкноттардың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі болғанын атап өтеді.