КОРОНАВИРУС: МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ЕМДЕЛДІ

Кеше Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3402-ге жетті. Қатерлі індеттен емделіп шыққан науқастар саны 866 адам болды. Көз жұмғандар 25 адам. 

Науқастардың 1051-і Алматы, 645-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Қызылорда облысында 201 адам індет жұқтырған. Шымкентте бұл көрсеткіш 192 адамға жетті. Ал Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 124 адамды құрап отыр.

 

Естеріңізде болса, коронавирусқа байланысты 16-наурызда елімізде төтенше жағдай режимі 15-сәуірге дейін енгізілген. Кейін мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1-мамырға дейін ұзартты. Дегенмен елдегі коронавирустың таралу көрсеткішіне мониторинг жасағаннан кейін Президент карантин режимін 11-мамырға дейін ұзартты.

Бұл туралы ол аптаның алғашқы күнінде жасаған мәлмдемесінде айтты. Және заңға сәйкес, 11-мамырда төтенше жағдай режимі аяқталатынын жеткізді. Осыған орай аймақтарда карантин режимі жеңілдеді.

Ал әлем бойынша науқасты жұқтырғандардың саны 3 млн. 200 мыңнан асты. Оның ішінде  1 млн.нан астам адам  емделді.