БАРЫС-КЕЛІСКЕ УАҚЫТША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрақты ахуалды сақтау және коронавирустың таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысындағы бірнеше автовокзалдардың жұмыстары уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, ауданаралық тұрақты бағыттардағы рейстер саны 50 пайызға қысқартылды.

Атап айтқанда, жолаушылар ағыны көп Ленгір қаласындағы «Тау жұлдызы», Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан», Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық», «Яссы» автовокзалдарының есіктеріне уақытша құлып салынды. Сонымен қатар, Кентау қаласындағы «Транзит сервис», Арыс қаласындағы «Арыс», Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы», Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш», «Сау Бол», Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», Жетісай қаласындағы «Жаз», Түркістан қаласындағы «Мерей», «Алтын орда» барлығы 9 автобекеттің қызметтері карантиндік режим аяқталғанша уақытша тоқтатылды.

Сала мамандары карантиндік режим аяқталғанға дейін азаматтардың қоғамдық көліктермен сапарға шықпауын ескертеді.