ЖӘДІГЕР 78 ЖЫЛ ЖЫРАҚТА ЖҮРГЕН
«Ештен кеш жақсы». АҚШ Киевке 1941 жылы КСРО-дан ұрланған қылқалам туындысын қайтарып берді. Кенепке майлы бояумен түсірілген картина «Тайный выезд Ивана Грозного перед опричниной» деп аталады. (суретте) АҚШ Михаил Паниннің қылқаламынан шыққан керемет туындыны қайтаруды Вашингтондағы елшілікке тапсырған.
Бұл туралы life.ru Вашингтонның Федералды тергеу бюросы қызметінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өз кезегінде Вашингтондағы Федералды тергеу бюросы мұндай тарихи жәдігердің өз еліне қайтарылуына ұйытқы болып жатқандарына қуанышты екендіктерін жеткізе отырып, «Федералды тергеу бюросы әлем елдерінің тарихи оқиғалары мен мәдени құндылықтарының сақталуына үлес қосу үшін кезінде қолды болған өнер туындылары мен өзге де меншік иесіндегі жәдігерлерді қайтару ісімен шұғылданып келеді» деді.
Ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге сүйенсек, кенеп бетіне салынған сурет 1941 жылы Днепропетровск қаласындағы көркем мұражайдан ұрланғаны белгілі болған. Уақыт өте келе бұл туынды белгісіз себептермен АҚШ-тың Коннектикут қаласындағы ерлі-зайыптылардың сатып алған баспаналарынан бір-ақ шыққан. Бірақ олар біраз уақыт бұл сурет туралы жақ ашпаған. Шамасы оның тегін картина емес екенін білген болса керек. Ел назарынан тасада болған картинаның бүлінбей, бүтін күйінде тұрғанын дүйім жұрт 2017 жылы ғана біледі. Нақ сол жылы әлігі ерлі-зайыптылар картинаны аукционға шығару туралы шешімге келген.