ӨМІР СҮРУГЕ ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛАНЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
The Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымы әлемдегі ең жайлы он қаланың тізімін жариялады. Нәтижесінде үздік ондықта Австрия астанасы Вена қаласы топ жарды.
Сарапшылар зерттеу жұмыстары кезінде әлемнің 140 қаласын бес критерий бойынша бағалаған. Олар қаладағы тұрақтылықтың сақталуы, қоршаған ортаның ахуалы, инфрақұрылым деңгейі, денсаулық сақтау мен білім салаларының талапқа сай болуы болып табылады. Бағалау өлшемі бойынша Вена қаласы 99,1 балл жинап алға шыққан. Жайлы қала деген жақсы атақ бойынша екінші орынды Мельбурн, үшінші орынды Сидней қаласы иеленген. Төртінші орынға Жапония мемлекетіндегі Осака тұрақтаса, бесінші орын Канаданың Кальгари каласына бұйырған.
Барлығы 140 елдің тізімі түзілген бұл зерттеу жұмысында көрші Ресей елі 80 балдық көрсеткішпен 68 орынды иемденген.
Сонымен қатар, сарапшылар өмір сүруге ең қолайсыз санатындағы қалалардың ондығын жасаған. Онда Сирияның Дамаск қаласы топ бастаған.
С. НҰРАЙ.