«ДОНАЛЬД ТРАМП ТВИТІН ТЕК АҒЫЛШЫНША, АЛ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮШ ТІЛДЕ ЖАЗАДЫ»
Берік УӘЛИ, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:
Осы жұмада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Берік Уәли ел президентінің төрт айда атқарған жұмыстары жөнінде толыққанды деректермен бөлісіп, орындалған жұмыстар туралы өз ойын ортаға салады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың іскерлігі мен азаматтық келбеті жөнінде кең көсіледі. Және оны әлемдік саясатқа ықпалы бар саясаткерлердің қалай қабылдап, құрметтегенін тілге тиек ете кетеді. Берік Уәли қазіргі мемлекет басшысының бірнеше тілде суда жүзген балықтай еркін сөйлей алатынын былай деп келтіреді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес тіл білетінін елдің бәрі біледі. Бірақ бір күнде бес тілде сөйлегенін ешкім көрмеген шығар. Біз соны көрдік. Астана экономикалық форумына арнайы келген Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен қазақша бастап, сөзін қытайша жалғастырды. Одан кейін бұрын Францияның экономика және қаржы министрі болған, бүгінде Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен французша тілдесті. Сондай-ақ форумға қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен өткен басқосуда ағылшын тілінде, ал Арменияның президенті Армен Саркисянмен және Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефпен орысша сөйлесті.
Ақыры орайы келгенде айта кетейін, Бішкектегі ШЫҰ саммитінен кейінгі қонақасы кезінде Қытай мен Үндістан мемлекет басшыларының ортасында отырып, бірімен қытайша, екіншісімен ағылшынша әңгімелесіп отырды. Ал өзге елдің басшылары аудармашы арқылы сөйлесіп отырғанын көрдік.
Сонымен қатар ол, Қасым-Жомарт Кемелұлының әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы ретінде, оны өз қызметінде тиімді пайдалана алатындығын бірнеше мысалдар келтіру арқылы баяндай келе, «Мемлекет басшысы 2011 жылдан бері Твиттер әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы бөлімшенің Бас директоры қызметінде жүріп, «виртуалды желінің» мүмкіндіктерін кең пайдаланған. Бүгінде Мемлекет басшысының твитінде 130 мыңға жуық оқырманы бар.
Қазір Президент Твиттердегі парақшасынан еліміздегі қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық, саяси мәселелерге немесе оқиғаларға қатысты пікірін жазып, ұсыныстары мен тапсырмаларын беріп отыр. 280 таңбалы қысқа әрі нұсқа жазбаның ықпалы өте зор. Себебі қазіргі заман ұзақ-сонар баяндамаларды емес, мейлінше ықшамдылықты талап етеді. Сондай- ақ мұндай жұмыс стилінің басты ұтымды тұсы – уақыт үнемдейтіні. Президент үшін бұл – өте маңызды фактор. Себебі берілген тапсырманың дереу назарға алынып, қажетті шешімін табуы – басты мақсат.
Егер салыстырмалы түрде айтатын болсақ, әлемдегі Твиттер желісін ең бел- сенді пайдаланатын саясаткер Дональд Трамп екен. Оның өзі твитін тек ағыл- шын тілінде жазады. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, яғни 3 тілде жазады, — деген.
Газеттің 24-шілде күнгі санында жарияланған «Күн тәртібінде: ашықтық және қоғаммен кері байланыс орнату» атты бұл мақалада бұдан бөлек, мемлекет басшысының қандай басылымдарды үзбей оқып, қай телеарнаны сүйіп тамашалайтыны және т .б т үрлі т ың д еректер а йтылады.
С. НҰРАЙ.