ОРТАЛЫҚ – ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМ БЕРІП, ЖОЛ СІЛТЕЙДІ

Елбасы , Ұлт Көшбасшысы , еліміздің бірінші президенті Нұрсұл¬тан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында әрбір адамның еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін бірнеше тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, Шымкентте жұмыссыз жүргендердің екі қолына бір күрек та¬буына зор ықпал ететін «Атамекен» қолдау орталығы ашылды. Орталық¬тың ашылуына қала әкімінің орын¬басары Гүлжан Құрманбекова келді. Ол бұл орталық жұмыссыз жандар¬ға қандай жәрдем беретінін былай деп түсіндірді.
– Бұл орталық мемлекеттік бағ¬дарламаларды халыққа ашық фор¬матта түсіндіру, жаппай кәсіпкерлік¬пен айналысуға үйрету, халыққа қол¬жетімді ақпарат ұсыну мақсатында ашылып отыр. Мұндай орталық ал-дағы уақытта қаламыздағы 4 аудан әкімдігінде және халыққа қызмет көр¬сету орталықтарында жұмыс істейтін болады. Қала әкімдігінің «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге қолға алған бұл жобасы мемлекет басшы¬сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрда¬йым халықпен кері байланыста болу туралы тапсырмасы аясында жүзеге асуда,-деді.
Енді азаматтар осы орталық¬қа бас сұғып, ондағы мамандар ар¬қылы қазіргі таңда елімізде жұмыс¬сыз жүргендер үшін беріліп жатқан мүмкіндіктерді, бос жұмыс орында¬ры туралы толыққанды ақпараттар¬ды алып, алдағы күніне бағдар жа¬
сап, тығырықтан шығар жол табуға мүмкіндік алады.
Осындай пікірді «Атамекен» кәсіп¬керлер палатасының директоры Нұр¬лан Қабіштаев алға тартты. Ол:
– Бүгінде қарапайым азаматтар¬дың көпшілігінде «ақпараттық аштық» бар. Қандай жағдайда кімге және қай¬да бару керектігінен хабарсыз. Тұр¬ғындарды бір көзден ақпараттанды¬ру енді осы орталық арқылы жүйеле¬нетін болады. Мұнымен қатар біз осы жерден жұмыссыз азаматтардың жал¬пы дәрежесін анықтаймыз. Бұдан бө¬лек Шымкенттің әлеуметтік картасын жасаймыз. Бұл әлеуметтік картада қай ауданда неше адам жұмысқа мұқтаж, қай кәсіпорында жұмысшылар қолы жетіспейтіні туралы деректер нақты-ланады. Егер жұмыссыз жүрген аза¬маттардың кәсіпкерлікке икемділігі бар болса, оларға қысқа мерзімді оқы¬туға жолдама беріледі, — деді.
Орталықтың тағы бір ерекшелігі оның психолог мамандармен қамты¬луы. Олар жұмыс іздеген жанның қандай іске бейімі бар екенін анық¬тайды. Ал орталықтағы мамандар жұмысқа орналасуға ықпал ету тура-лы өтінім берушінің алған білімі мен кәсіби деңгейіне қарай жұмыс табуы¬на немесе қысқа мерзімді оқу курста¬рына жазылып, мамандық алуға кеңес беретін болады. Мамандық алу 2 ай¬дан 6 айға дейінгі аралықты қамти¬ды. Қысқа мерзімді курстарға жазыл¬ған тыңдаушыларға шәкіртақы таға¬йындалады. Бұдан бөлек орталықта 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған¬дар үшін «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бизнесті жүргізудің негізгі қағидаларын үйрену туралы кеңес¬тер беріледі. Ал жас ерекшеліктеріне қарамастан жұмыссыз немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар кәсіп ашуды көздесе «Бастау» жобасына қа¬тыса алады.
«Атамекен» қолдау орталығы пи¬лоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан соң Шымкент¬те ашылып отырғанын айта кетейік.