«Баспана сұрайтындары көп, жұмыс сұрайтындары аз»

Бердібек САПАРБАЕВ:

Жуырда Үкіметтің жанында көп балалы аналар митингіге шыққан болатын. Талабы – кезексіз, бастапқы жарнасыз баспана алу. Осыған орай мәжілістің кезекті отырысынан соң Бердібек Сапарбаев журналистерге берген сұхбатында былай деп мәлімдеме берді.

– Біз ол жердегі көп балалы аналармен бірнеше рет кездескенбіз. Бүгінде министрліктің жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Оған сол аналар да тартылған. Сол жерде барлық мәселе қаралатын болады. Олар кезексіз баспана беруді талап етуде. Сосын бастапқы жарнасыз, кредитсіз берілгенін қалайды. Өкінішке орай ондай болмайды. Заң бәріне ортақ. Және барлығы заң бойынша жасалуы қажет. Баспана кезегінде қарапайым азаматтар да тұр. Оларды айналып, тізімге тұрмаған көпбалалы аналарға қалай береміз?», — деді.
Сонымен қатар ол, көп балалы аналардың арасында екі қолға бір күрек, яғни жұмыс сұрап келетіндері аз болатынына қынжылыс танытты. «Біз оларға жұмыс ұсынамыз. Тіпті мамандығы болмаса, қандай да бір кәсіпке тегін оқытуға дайынбыз. Соңынан жұмысқа орналастырамыз» деген министр, өкінішке орай осындай мүмкіндікті мүлт жібермейтіндері аз екенін алға тартты.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша баспана кезегінде тұрған көп балалы аналардың саны 31 мыңды құрайды.