АДАЛ ЖОЛ — ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ
Кентау қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Кентау гуманитарлық техникалық колледж студенттері арасында Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Дауылбаев Сәбит Арапұлы,Кентау қаласы әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдармен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы Әжіғабілов Самат Әбілханұлы және Кентау гуманитарлық техникалық колледжінің директоры Айтуреев Серік Әбілқасымұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің «Адал жол» жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз жалғасын тапты. Ондағы басты мақсат мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және парақорлық деңгейін төмендету болып табылады.Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі осы жастар арасында өткізіліп отырған «Адал жол» акциясы. Сонымен қатар, колледж студенттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сауалнама жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы үнпарақтары мен брошюралар таратылды.