«АРТЫЛҒАН СЕНІМДІ АБЫРОЙМЕН АҚТАУҒА БАРЫМЫЗДЫ САЛАМЫЗ!»

Бүгінгі таңда еліміздің саяси жүйесінде жетекші рөл атқарып отырған AMANAT партиясы – халық мүддесін биік қоятын, ел игілігі жолында аянбай еңбек ететін саяси күш. Шымкент қаласы – еліміздегі үшінші мегаполис, экономикасы мен әлеуеті жыл санап өсіп келе жатқан аймақ. Осы қарқынды дамуға депутаттық корпус, соның ішінде AMANAT партиясының өкілдері де өз үлесін қосып келеді.
Бүгінде AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы өз қызметін нақты жол картасына сүйене отырып жүргізуде. Бұл жол картасы партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыруға бағытталған. Оның аясында білім, денсаулық, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым мен қала мәдениеті сияқты маңызды салалар қамтылып отыр. Біз, мәслихат депутаттары, осы бағытта белсенді түрде жұмыс атқарып, халықпен тығыз байланыста болуға тырысамыз. Мәселен, соңғы жылдары қалада әлеуметтік нысандар саны артып, жаңа мектептер мен балабақшалар бой көтеріп келеді. Жол жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл – тек әкімдік немесе орталық биліктің ғана жұмысы емес, бұл – мәслихаттағы депутаттық корпустың, оның ішінде AMANAT партиясы фракциясының үйлесімді қызметінің нәтижесі.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары халықпен үнемі кездесулер өткізіп, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап келеді. Біз үшін халық үні – басты бағдар. Қаланың шет аймақтарына ерекше көңіл бөлініп, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған жобалар қолға алынуда. Қоғамда партияға деген сенім күн санап артып келе жатқаны да — осы еңбектің нақты көрінісі. AMANAT партиясы өз атына сай – аманат жүгін арқалаған, ел тағдырына бейжай қарамайтын ұйым. Бұл – халық пен билік арасындағы сенімді көпір. Біз үшін әрбір азаматтың мәселесі маңызды. Сондықтан біз халықпен бірге халық үшін жұмыс істейміз. Бұл – партиямыздың басты ұстанымы.
Шымкент – жастары жалынды, халқы еңбекқор, болашағы зор қала. Біз осы қаланың көркеюіне өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз. AMANAT партиясы мен оның депутаттары ел сенімін ақтау жолында бар күшін салып келеді. Біздің басты мақсатымыз – әділетті қоғам құру, гүлденген Қазақстан қалыптастыруға үлес қосу, әр азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Қайрат ИМАШЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі.