4 АЙДА 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТІРКЕЛГЕН
Биыл қоғамда отбасылық зорлық-зомбылық фактісі кеңінен талқыланды. Елімізде болған ауқымды сот процесі мұндай құқықбұзушылықтың өршіп тұрғанын аңғартты. Бұл – құқық қорғау органдарына берілген сигнал десек, артық айтқанымыз емес.
Өйткені шаңырақтың тыныштығы үшін агрессия мен таяққа көніп, тіс жармайтын жандардың қатары қалың. Десе де жағдай біртіндеп өзгеріп келеді. Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында отбасылық зорлық-зомбылық туралы кейбір фактілерді полиция қызметкерлері өздері анықтаған. Демек аталған бағыттағы жұмыстар қарқын алды деген сөз.
Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың 4 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 28 189 шағым түскен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 35 202 болған. Зорлық көрсеткен 44,4 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 11 026 адам қамауға алынды. Былтыр жәбір көрушілердің арызданудан бас тартуына байланысты 60 пайыздан астам құқық бұзушы жазадан жалтарса, биыл тіркелген фактілер бойына айыптылардың 98 пайызына шара қабылданған.
«Уақыт».