АУҚЫМДЫ АКЦИЯ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Еліміздегі ең өзекті әлеуметтік мәселелердің қатарына отбасындағы зорлық-зомбылықты жатқызуға болады. Осы орайда, биылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтеді. Аталған акция аясында Шымкент қаласының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқару жоспарланған.

Осы орайда, өткен аптада Шымкент каласы полиция департаментінде дөнгелек үстел ұйымдастырылып, оған жергілікті аткарушы және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері катысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкім аппараты басшысы орынбасарынын міндетін аткарушы, Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және демографиялык саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура өкілдері, «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық маслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» төрайымы, Президент жанындағы әйелдер істер және отбасы, демографиялық саясат бойынша комиссия мүшесі, Шымкент әйелдер кеңесінін төрайымы, Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласының Білім басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен камту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты. Жиын барысында әр мекемеге өздеріне қатысты міндеттер жүктеліп, акция барысында бірлесіп жұмыс атқару мақсатында ұсыныс-пікірлер айтылып, жоспар түзілді.
Жоғарыда аталған іс-шаранын мақсаты — көпшілік халықты әйелдермен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту. Акция аясында тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың және әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауының алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, кездесулер, жиналыстар ұйымдастырылып жатыр.