МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН ЖАСТАР КӨП

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек» деп атап өткен еді.

Осы мақсатта Шымкент қаласында өткен жылы 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша «Жастар практикасы» жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген. NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылған. Биыл мемлекеттік бағдарламалардың аясында шаһарда 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оның 16 425-і – жас буын.
Атап айтқанда, 4 167 субсидияланатын жұмыс орындарына жолданады. Оның ішінде, 35-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 1956-і «Жастар практикасымен», 1100-іне қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі. 1052 бітіруші түлек «Алғашқы жұмыс орындары жобасымен» жаңа жұмыс тапса, 24 жас «Ұрпақтар келісім шарты жобасына» қатысып, жұмыспен қамтылады. Ал, бос жұмыс орындарына 4393 адамды орналастыру жоспарланса, 6656 жасқа кәсіпкерлікті дамыту бойынша кәсіпкерлік қолдау шаралары, 1209 адамға кәсіби білім беру жоспарланған.