МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде семинар өтті. Онда департамент басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы Президенттің және Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралардың аса маңызды екендігін айтып, барлығына ортақ тапсырманы жоғары деңгейде атқаруымыздың қажеттегін атап өтті.
Аталған жиынға Жеке медицина орталықтары қауымдастығының төрағасы – Е.Тоқбергенов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы Ж.Сариева, департамент басшысының орынбасары А.Раева және Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар, «Шымкент» ӘКК мен қауымдастық өкілдері қатысты. Семинарда мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мақсатында мониторинг саласы бойынша Шымкент қаласына 3 бағыт берілгендігі сөз болды. Департаменттің қызметшісі А.Берікұлы оның ішінде осы семинар «Рұқсат беру рәсімдері мен монополияға қарсы заңнаманы бюрократиядан арылту» бағытында екендігін атап өтті.
Сондай-ақ департамент қызметшісі аталған бағыттағы кейстердегі мәселелерді нақтылау мақсатында Шымкент қаласының Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының қызметшісін ортаға шақырып, арнайы дайындалған кейстермен талқылау жұмыстарын жүргізіп, фокус-топ қатысушылары тарапынан туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.