ҚАЗАҚСТАННАН ҚАШҚАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАЙ ЕЛДЕРДІ ЖИІ ПАНАЛАЙДЫ?

Елімізде лауазымды қызметте болып, қазынаның қаржысын асап, шетелге тайып қалатындардың қатары қалың. Рас, кейбірі құрықталғанымен, біразының құзырлы органдардан айласын асырып, шекара асатыны жасырын емес.

Мәселен, соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамға іздеу жариялаған.
Бас прокуратура мәліметінше, шет мемлекеттерде 500 адам ұсталып, Қазақстанғаэкстрадицияланып отыр. Қазіргі таңда 2500-ден астам адам іздеуде жүр. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлға іздеуде. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталған.
Қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталған, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Украинада жасырынып жүр. Бас прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, биыл қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды. Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

«Уақыт».