ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ЖИІ АЖЫРАСАДЫ?
Елімізде ең көп неке Алматы қаласында тіркеледі екен. Айта кетерлігі, ажырасу бойынша да аталған қала алдыңғы орында тұр. Бұл туралы Ranking.kz жазды.
Өткен жылы елімізде 128,5 мың жұп некесін қидырды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз. Қалаларда неке қидыру көрсеткіші бір жылда 14%-ға немесе 85,5 мыңға дейін қысқарды, ал ауылдарда керісінше, 5,4%-ға немесе 43,1 мыңға дейін өсті. Былтыр елімізде 17,7 мың жұп ажырасқан, бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,1%-ға азайған. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 11,9%-ға немесе 13,1 мыңға дейін азайса, ауылдарда 4,7%-ға яғни 4,6 мыңға артқан.
Өңірлер бойынша ең көп неке Алматыда тіркелген. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,6%-ға аз. Одан әрі үштікке халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы (жылына 13,3 мың) және Астана қаласы (10,7 мың) кіреді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркеліп отыр.
Ажырасу саны бойынша Алматы, Астана және Қарағанды облысы алдыңғы қатарда. Ал Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау облысында ажырасатындар қатары аз. Елдегі неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,29-дан 6,46-ға дейін төмендеді. Некенің ең жоғары коэффициенті елордаға тиесілі. Атап айтқанда, 1000 адамға шаққанда 7,72-ні құрайды. Көшбасшылар үштігіне Алматы және Қарағанды облысы кіреді. Қазақстанда ажырасу коэффициенті де 1000 адамға 1-ден 0,89-ға дейін төмендеген. Өңірлер бойынша жоғары коэффициенттер ШҚО, Қарағанды және Павлодар облысына, ал ең азы Түркістан облысында тіркелді.
БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, ТМД елдері арасында 2021 жылы ең жоғары неке коэффициенті Өзбекстанда тіркелді тіркелді. Екінші және үшінші орында Молдова мен Қырғызстан орналасқан. Қазақстанға келсек, коэффициент 1000 адамға шаққанда 7,4-ті құрады. Одан әрі Беларусь 6,4, Әзірбайжан 5,6, Армения 4,1 және Украина 4. Ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Молдовада байқалды, 1000 адамға шаққанда 3,8-ден келеді. Одан кейін Беларусь пен Украина (1000 адамға 3,7 және 2,9) тұр. Қазақстанда коэффициент 1000 адамға 2,5-ті құрады. Сонымен қатар Қырғызстанда 1,8, Әзірбайжанда 1,7, Өзбекстанда және Арменияда 1,1.