ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудандарды дамыту мақсатында қолға алған ауқымды бағдарламаларын тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күн санап ілгерілеген аудан экономикасымен қатар аудан аумағындағы автомобиль жолдары да талапқа сай жаңартылуда.

2022 жылы ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор мен облыстық, аудандық бюджет есебінен 1 млрд 385 млн теңге қаржы қаралған. Оның 1 млрд 152 млн 9 мың теңгесі жалпы ұзындығы 52,4 шақырымды құрайтын 65 көшеге орташа жөндеу, ұзындығы 7,47 шақырымды құрайтын 17 көшеге 55,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 101,4 млн теңгеге жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын 8 көшеге аяқ жол салынуда. Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп-ұстауға 30 млн теңге бөлініп, ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 14 мекен-жайға стандартқа сай 105 метр жасанды жол кедергілері мен 122 жол белгілері орнатылды, 22 мекен-жайға жаяу жүргінші өткелдері мен 28,62 шақырым қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбаларын таңбаланды. Бұл жөнінде «Жол – әрбір адамның күре тамыры. Аудан тұрғындары мен қонақтарын сапалы, қауіпсіз жолдармен, инфрақұрылымдармен қамтамамыз ету – біздің басты мақсатымыз. Біз бірінші кезекте аса қажетті деген республикалық, облыстық, аудандық және ішкі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізудеміз. Ауданның барлық көшелеріне рет-ретімен алдағы уақытта жоспарға сай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады» дейді Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қыдырбек. Мәлімет үшін айта кетейік, 365,3 шақырымды құрайтын аудан көлік жолдарының 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, 111,3 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. 1200-ге тарта ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырым.
Бұдан бөлек, Жетісай ауданында 113 елді мекеннің 106 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған, тек Орысқұдық, Серікбай, Жорабек, Пірәлі, Жібекші, Қалпақсай, Батырхан секілді құмда орналасқан 7 елді мекен экономикалық тиімсіз болуына байланысты электр желілерімен қамтылмаған. 2022 жылға Жылы су ауылдық округі Жылы су, Баққоныс, Байқоныс елді мекендеріндегі жаңа құрылыстарында электрмен жабдықтау желілерін салу және КТП орнату құрылысына 54 млн 336 мың теңге бөлініп, «KKS Construction group» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылып, бөлінген қаржының 50 млн теңгесі игерілді. Одан бөлек Жаңа ауыл ауылдық округіндегі Ынтымақ, Жаңа ауыл және Атақоныс елді мекендеріндегі жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізу және трансформатор орнату үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 2022 жылға 5 126,4 мың теңге қаралып, «Стройтельная группа Архитектор» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып анықталған. Қазіргі таңда нысанның жоба-сметалық құжаттамасын сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Ал Абай ауылдық округі Жүзімдік, Алтын кемер, Халықтар достығы, Отан елді мекендеріндегі көшелерге электр желілерін жүргізіп, трансформатор орнату үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 500 мың теңге қаржы қаралып, «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш нысан 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС тарапынан жергілікті бюджеттен қаралған 500 мың теңгеге Жолдасбай Ералиев ауылдық округінің Арай, Абай, С.Сейфуллин, Жетіқазына, Үтіртөбе, Көктөбе, Бәйтерек, Ғ.Мұратбаев елді мекендеріндегі көшелерге де электр желілерін жүргізіп, қажетті трансформаторлар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл нысан да келесі жылға өтпелі.
Аудан әкімі Мұрат Кадырбектың тапсырмасына сәйкес аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында округтердегі елді мекен тұрғындары мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды газдандыру, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы 113 елді мекеннің 56-сы көгілдір отынға қосылып, газ пайдаланушылардың саны аудан тұрғындарының 53 пайызын құрап отыр. Бүгінде Жаңа Ауыл Ауылдық Округіне қарасты Әбдіхалық, Атақоныс, Қарой, Мырзашөл, Қызылқұм ауылдық округінің Ақтөбе, Алғабас, Киров, Көбек, Қосқұдық, Қызылқұм, Қызылту, Мақталы, 1 Мамыр, Түркебай, Жалпаққұм, Жолдасбай Ералиев ауылдық округіндегі Ғ.Мұратбаев, Абай ауылдық округі Отан, Бейбітшілік және Мақталы ауылдық округінің Дархан, Сарқырама, Шолпанқұдық, Темір жол, Жайлаукөл сынды 23 елді мекеннің газ өткізгіші құрылысын жүргізуге сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар толығымен аяқталған соң тағы 23 831 жетісайлық тұрғын көгілдір отынды тұтынатын болады. Сондай-ақ аудан тұрғындарына қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру, табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» және Ынтымақ Ауылдық Округінде «Киров» АГТС салу жұмыстары «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан бекітілген кестеге сай негізгі жұмыстың 90 пайызға жуығы толықтай аяқталған. Сала мамандарының айтуынша екі бірдей автоматтандыру газ таратқыш станциясы іске қосылған жағдайда аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады. Жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстарына 2022 жылға 850 млн теңге қаржы қаралып, 750 млн теңге мақсатына сай игерілген. Қазіргі таңда 2023 жылға өтпелі нысанның жеңімпазы атанған мердігер мекеме «Байсын-А» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.
176,6 мың тұрғыны бар Жетісай ауданындағы 112 елді мекенінің біреуіне ауыз су құбыры тартылмаған, 104 елді мекен орталықтандырылған ауыз суымен қамтылған. Оның 74 елді мекеніне тәулік бойы берілсе, 30 елді мекенде кестемен беріледі. Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына 2022 жылға республикалық бюджеттен бөлінген 1,4 млрд теңгенің 500 млн теңгесі, Мақталы ауылдық округі Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге бөлінген 77,5 млн теңгенің 46,131 млн-ы игерілді. Елді мекендердің ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылға өтпелі жалпы 21 елді мекендерге қаралып ауыз су мұнараларымен ауыз су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылға жаңадан басталатын 5 нысанның ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 510,8 млн теңге қаржы қаралып, 437,8 млн теңгесі игерілген. Жыл соңына қарай орталықтандырылған су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 105 елді мекенге жететін болады.